Accessibility links

БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Исламабадта мұсылмандық қасиетті орында болған жарылысты қатты айыптады


Кеше онда жанкешті жасады деп күдіктелген шабуылда кемінде 20 адам құрбан болып, 65 адам жарақат алған еді. К.Аннанның мәлімдемесінде қасиетті орындарды көздеп жасалған мұндай шабуылдар ешқандай заңға, адамшылыққа симайды делінген. Пәкістан президенті Первез Мүшарраф бұл қастандыққа кім жауапты екендігі әзірге белгісіз қалып отыр, бірақ ол сектанттық экстремистер болуы мүмкін деген.

Пәкістанда соңғы бір жылдың ішінде сүнит және шиит көтерілісшілерінің шабуылдары кезінде қаза болған адамдар саны жүзден асады.
XS
SM
MD
LG