БАРИ. Бүгін Рим Папасы 16-ншы Бенедикт Римдегі католик пен православие шіркеулерінің арасындағы мыңдаған жылдан бергі жікті жою - өзінің тақта отырған кездегі ең басты міндеттерінің бірі болады деп мәлімдеді. Рим папасы Италияның шығыс жағалауындагы Бари қаласында сапарда жүріп, бүгін онда ашық аспан астында дұға оқыды. Бұл 16-нші Бенедиктің Рим-католик шіркеуінің басшысы болып сайланғаннан бергі бірінші сапары. Ал Бари қаласы – христиандардың тарихында ерекше орын алады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"