Accessibility links

Бүгін Ирақта кем дегенде 7 адам қаза болып, 20-ға жуық кісі жараланды


БАҒДАД. Бүгін Ирақ армиясы мен полициясының 40 мыңдық қолы Бағдадты қоршауға алып, көтеріліске қарсы ауқымды операциясын бастады. Ирақтың қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, бұл шараның мақсаты “терроризмнің барлық құрылымдарын жою” болып табылады. Онымен қарама-қатар бүгін түрлі шабуыл мен жарылыстан Ирақта кем дегенде 9 адам қаза болып, 20-ға жуық кісі жараланды. Бір жарылыс Ирақтың мұнай министрлігі жанында болып, 2 күзетші құрбан болды. Туз қаласы мен Мадаин қаласының іргесінде жанпидашыл-лаңкестер бомба қойылған автокөліктерін жарды. Оған қоса Хақлания қаласының маңында жол жағасындағы бомбаның жарылысынан АҚШ-тың әскери теңізшісі құрбан болды. Ирақтың оңтүстігіндегі Амара қаласында британ жауынгері опат болды.
XS
SM
MD
LG