Accessibility links

Қырғызстан сайлау жөніндегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жолдаған ұсыныстың басым бөлігін қабылдады


ВЕНА. Бүгін Қырғызстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Құрманбек Бәкиев үкіметтің елдегі кезектен тыс президент сайлауына байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жолдаған ұсыныстың басым бөлігін қабылдағанын мәлімдеді.

- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша Бюросы Қырғызстандағы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты бастапқы ұсыныстарын қабылдап, оны Жогорку Кенеш пен Орталық сайлау комиссиясына жолдады. Біз ол ұсыныстардың көбін қабылдадық, – деп мәлімдеді Қ.Бәкиев.

Ол бұл құлақтандыруын аталған Еуропалық ұйым Кеңесінің бүгін Венада өткен мәжілісінде жасады. Өз ұсыныстарында Еуропалық ұйым 10 шілдеде өтетін президент сайлауының халықаралық стандарттарға сай өтуіне кепілдік беретін бірқатар шара қабылдау керектігін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG