ВЕНА. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстанды Өзбек босқындарын еліне қайтармауға шақырады. Ұйымның төрағасы Дмитрий Рупельдің айтуынша, босқындарды мәжбүрлеп еліне қайтару аймақта қалыптасқан қиын жағдайды жеңілдетпейді. Әндіжандағы толқулардан кейін Өзбекстаннан жүздеген адам Қырғызстанға босып кеткен-ді. Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев қатысқан аталған ұйымның Венадағы отырысында Рупель мырза босқындар мәселелері бойынша халықаралық конвенцияға сәйкес, Қырғызстан баспана сұраған Өзбекстан азаматтарының құқықтарын сақтауы тиіс деп мәлімдеді.