Accessibility links

Дж.Буш Еуроодақ елдерінің Иранмен арадағы келіссөзіне жақсы баға берді


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буштың пікірінше, Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру ісінде Ұлыбритания, Германия және Франция бірқатар жетістікке жете алды. Кеше Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында Буш:

- Біз еуропалық үштікпен іс атқарып жатырмыз. Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіре аласыздар ғой деп үміттенеміз. Меніңше, осы мақсатта бірқатар жетістікке жеткен сияқтымыз, - деп атап көрсетті.

Дж.Буш Иранның ядролық проблемасын “дипломатиялық жолмен” шешілуін қолдады және екі жақты келіссөзде Иранға Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше етіп қабылдауды ұсыну дұрыс болған деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG