Accessibility links

АҚШ Ирақтағы қайта құруға байланысты конференцияға Иранның қатысуына өзінің қарсылығы жоқ екендігін айтты


Бұл турасында кеше Европа одағының министрлерімен кездесуден кейін Кондолиза Райс атап көрсетті.

- Біздің ойымызша олардың бұл конференцияға шақырылғанында тұрған проблема жоқ. Біздің Иранмен қарым-қатынастарымыз жоқ және мен Ирақта болған кезімде айтқан едім, Иран мен Ирақта көршілік, ашық қарым-қатынас болуын қалаймыз деп, біздің бәріміз де солай болғанын жөн көреміз.

АҚШ 22 маусымда Брюсселде болатын конференцияны Европа одағымен және Ирақпен бірге қаржылай қолдаушының бірі. Америка бұл кездесуге Иранды шақырмаған болатын.

Бірақ, Европа одағының қазіргі президенті Люксембургтың сыртқы істер министрі Жан Асселборн Люксембург Иранмен қарым-қатынаста, сондықтан, Иран бұл кездесуге шақырылады деп атап көрсеткен. Кондолиза Райс Америка конференцияға Иранның қатысуына қарсы емес дей келіп, Иран атына айтылып жүрген сындарды қайта жаңғыртты. Бұған жауап ретінде Иран сыртқы істер министрінің өкілі аймақ адамдары өз тағдырларын өздері айқындайтындай жеткілікті саяси түсінігі бар дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG