Accessibility links

Бүгін Қытай астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, сенбі күні мұнда Тяньаньмынь алаңындағы шерушілерді қанға бояған оқиғаның 16 жылдығы аталып өтті


Қытай үкіметі 1989 жылы студенттер толқуын күшпен басып, таратқан кезде жүздеген адам опат болған еді. Алаңды жай киім киген полиция күштері қоршап, көптеген саяси белсенділерге үйлерінен шықпау тапсырылған.

1989 жылы маусымның 3-інен 4-іне қараған түні Қытай әскерлері мен танктері Бейжіңдегі алаңға кірген кезде жүздеген қарусыз студент шерушілер қаза тапқан еді. Сыншылардың кейбірі болса, онда опат болғандардың саны бір мыңға жетеді дегенді айтады. Ал Гонконгта бұл күні құрбан болғандарды мыңдаған адам өшпейтін шырақ жағып еске алады.
XS
SM
MD
LG