Accessibility links

АҚШ әскерилері Гуантанамо базасында американдық тергеушілер қасиетті Құран кітабын қорлады деген даудың егжей-тегжейі турасында бірінші рет деректер берді


Жұма күні Пентагонның жазбаша жариялаған мәлімдемесінде американдық бір солдат тұтқынның Құран кітабын әдейі аяғымен теуіп, қалыптасқан ережені бұзған деп жазылған. Басқа да анықталған жайттар бойынша түрменің түнгі күзетшілері камераға жіберген су шарлары мен олардың зәрінен бірнеше Құран кітабы ылғалданып, су болып қалған. Мұның сыртында Құранның ішкі бетіне ағылшынша былапыт сөздер жазылған жайттар де кездескен. Бірақ, американдық әскерилер ол боқтық сөздерді кімнің жазғаны анықталған жоқ, оны күзетші немесе тұтқынның өзі де жазуы мүмкін дейді.

Құранды аяғымен тепкен тергеуші жұмыстан босатылған. Американдық әскери шенеуніктер «Newsweek» журналында жазылғандай, Гуантанамо базасында Құранды дәретханаға ағызды делінген жайт расталған жоқ деген. Ол мақаладан кейіннен аталған журналдың бас тартқандығы белгілі.
XS
SM
MD
LG