Accessibility links

Германия мен Франция жетекшілері Европа Конституциясын Франция мен Нидерландының қолдамағанына қарамастан, референдум жалғаса беретін болады деп келісті


Неміс үкіметінің өкілі Бела Анда Шредер мен Ширак Одақ Конституциясын қабылдау барысында қиындықтарға тап болғанына байланысты, біріккен Европаның болашағына күмән тумауы керек деген мәмлеге келісті деп атап көрсеткен.

Герхард Шредер мен Жак Ширактың кездесуі Брюсселде 16-17 маусымда Европа одағы жетекшілерінің жоғары дәрежелі саммиті алдында өткізілді. Европа одағы Конституциясын Германия мен одақтың тағы тоғыз мемлекеті ратификациялады, ал ол толықтай күшіне енуі үшін барлық 25 ел қолдауы қажет.
XS
SM
MD
LG