Accessibility links

Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеинге адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін 12 айып тағылады


БАҒДАД. Ирақтағы көтерілістің “Әбу Раад” деген лақап атымен белгілі көсемі Мутлақ Махмуд Мутлақ Абдулла тұтқындалды. Ирақ үкіметінің хабарлауынша, Мутлақ Абдулла – “Әл-Қаида” ұйымының Мосулдағы іс-қимылын басқарған Әбу Талханың көмекшісі әрі қаржыгері болған көрінеді. Ол Мосул қаласында қолға түскен. Жексенбі күні АҚШ әскері Әл-Фаллуджа қаласында кең әрі техниканың ең соңғы үлгісімен жабдықталған жерасты бункерлерін аңғарды. АҚШ әскерінің хабарлауынша, онда тірі жан болмаған, бірақ қару-жарақтың мол қоры табылған. Кеше Ирақ үкіметі бұрынғы диктатор Саддам Хусеинге адамзат баласына қарсы жасаған қылмыстары үшін барлығы 12 баптан тұратын айыптар тағылатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG