Accessibility links

АҚШ-тың Пхеньян жөніндегі мәлімдемесіне ресми Токио мен Сеул салқын қарады


ТОКИО-СЕУЛ. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөзге қайта оралуға дайын деген мәлімдемесін ресми Токио мен Сеул салқын қабылдады. Мемлекеттік департамент өкілінің атап көрсетуінше, АҚШ пен Солтүстік Корея өкілдерінің дүйсенбі күнгі Нью-Йорктегі кездесуі барысында Пхеньян келіссөзге оралуға дайынмын деп сендірген. Келіссөзді жалғастырудың уақыты әзірше нақты келісілмеген. Оңтүстік Корея әзірге одан қорытынды жасауға ертелеу деп отырса, ресми Токио ол келіссөзге Пхеньян ешбір шартсыз оралар деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG