КОРДОБА. Бүгін Испанияның Кордова қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның антисемитизмге және ұлтшылдық пен діни төзімсіздікке қарсы күрес тақрыбына арналған конференция өтіп жатыр. Форумға 40-тан аса елдің өкілдері қатысуда. Конференцияның қорытынды құжатында ұлттық және діни төзімсіздікке қарсы күресте билік тармақтарының, білім беру мекемелерінің және баспасөз құралдарының рөлі атап көрсетілуге тиіс.