Accessibility links

БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Ирақта мыңдаған адам заңсыз ұсталып отыр деп мәлімдеді


Ол Қауіпсіздік кеңесіне берген хабарламасында Ирақтағы 10 мың тұтқынның 6 мыңы американдық әскерилердің қолында деп атап көрсеткен. Аннан олардың ешқандай ережесіз ұсталуы - Ирақтағы ең басты деген адами мәселелердің бірі болып қалып отыр деген.

Сейсенбі күні Ирақтың батысында 22 ирақ солдаты кепілдік тұтқынына түскен. Ад-Даурдың жанында жол бомбасын залалсыздандыру кезінде бір АҚШ солдаты мерт болған. Бақубаның сыртындағы жанармай станциясының жанында көлік бомбасы жарылу салдарынан үш адам қаза тапқан. Сейсенбіден бері Ирақтың солтүстігінде орын алған шабуылдардан 47 адам өмірлерімен қош айтысқан.
XS
SM
MD
LG