Accessibility links

НАТО елдерінің қорғаныс министрлері қыркүйек айында өтетін парламент сайлауында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға қосымша күштер жіберуге келісті


Қазіргі таңда Ауғанстанда НАТО бастаған 8300 халықаралық қауіпсіздік күштері орналасқан. НАТО одағының бас хатшысы Яаап Хуп де Скхеффер қосымша жіберілетін жасақтардың мақсаты - Ауғанстанда өткен жылдың қазан айында болған президент сайлауындағы тәрізді қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету деген.

Қорғаныс министрлері мұнымен бірге Суданның дағдарыстағы Дарфур аймағына жалпы саны 5 мыңдай болатын Африканың бейбіт күштерін жіберуге бірауыздан келісті.
XS
SM
MD
LG