Accessibility links

Ресей мен НАТО-ның Өзбекстанға байланысты пікірі екіге жарылды


Әндіжандағы 13 мамыр күнгі қантөгіс турасында Ресей мен НАТО-ның пікір көзқарасы қарама-қайшы. Брюссельде Евроодақтың ресмилерімен кездескен Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов Әндіжандағы мамыр толқуы Ауғанстаннан басқарылды және көтерілісті басу кезінде өзбекстандық емес 50 адам қаза болған дегенді айтты.

- Азия мен Таяу Шығыстың бірқатар аймақтарындағы жағдай қатты алаңдаушылық туғызады. Радикализм өсіп барады, терроризм сырттан келуде. Соның қатарында, жақында Өзбекстанда орын алған жайлар да бар. Бізде бар деректерге қарағанда ол бүліктер Ауғанстан жақтан бастау алған, - деді С.Иванов.
XS
SM
MD
LG