32 жастағы Кантониді мамырдың 16-ы күні белгісіз төрт адам көшеден ұстап алып кеткен болатын. Мұның алдында Ауған үкіметі италияндық әйелді кепілдікке алғандармен келіссөздердің нәтижелі жүргізіліп жатқандығын мәлімдеген-ді. Ауғанстанның ішкі істер министрі Әли Ахмед Жалали Кантониді қамауда ұстағандар қатардағы қылмыскерлер және оны босату үшін төлем төленген жоқ деді:
- Бұл кеште мен сіздерге осыдан 24 күн бұрын Кабулда қылмыскерлер қолына кепілдік тұтқынына түскен Клементина Кантониді аман-есен босатқанымызды қуанышпен хабарлаймын.
Клементина Кантони Ауғанстандағы 11 мыңнан астам жесірлер мен олардың балаларына гуманитарлық көмек жобасын басқарған болатын.