Accessibility links

Қырғызстан астанасы Бішкектің орталығында белгісіз біреулер Қырғызстан парламентінің мүшесі Жырғалбек Сурабалдиевті атып өлтіріп кетті


Депутат Қуатбек Бойболовтың айтуынша, бұл қасақана өлімге бірнеше себеп болуы мүмкін.

- Бұл жекеше мүлік бөлісуден бастап саясатқа дейін жалғасады. Ал әзірше бірер анық қорытынды айтуға ертерек. Бірақ, бұл Қырғыз парламентіне атақ-абырой әкеле қоймас. Жағдай аса қауіпті, қорқынышты бола бастады. Соңғы бір айда депутаттарға екі рет шабуыл болды. Мұны, әрине, парламентте арнайы талқылау керек, - дейді парламент мүшесі.

Қаза болған депутат Ж.Сурабалдиев қылмысты топпен байланысы бар деген әңгімелер айтылып келген еді. Бұл жөнінде жақында парламентте де сөз көтерілген болатын. Сондай-ақ, Ж.Сурабалдиев биылғы наурыз айындағы шерулер кезінде үкімет тарапында болып шыққан топты басқарған, ол кездегі президент А.Ақаевтың қызметтен кетуін талап еткендерге қарсы болған деген сөз бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG