ТЕҺРАН. Бүгін Иранның Бас прокуроры кем дегенде 10 адам қаза болып, тағы 75-тей кісі жараланған кешегі бомбалық шабуылдарды ұйымдастырғандар міндетті түрде тұтқындалып, дарға асылады деп мәлімдеді. Бұл қастандықтарды Иран арабтарының Лондонда орналасқан «Ахвазидің Халықтық-демократиялық майданы» тобы өз жауапкершілігіне алды. Жексенбі күні Иранның Хузистан провинциясының әкімшілік орталығы – Ахваз қаласындағы жергілікті биліктің 4 кеңсесіне бомбалық шабуыл жасалып, кем дегенде 8 адам құрбан болып, 70-тен аса адам жараланды. Оның ізінше Теһранның шығысында болған дәл сондай жарылыстан тағы 2 адам қаза тапты. 4 күннен кейін Иранда кезекті президент сайлауы өтуі тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты