Accessibility links

Оппозиция лидері сот шешімімен келіспей, оны қайта қарату үшін шағымданады


АЛМАТЫ. Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық соты «Хабар» телерадио агенттігінің іскерлік беделіне нұқсан келтірді деген айып бойынша бұрынғы ақпарат министрі, «Нағыз Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы әрі «Әділетті Қазақстан» саяси бірлестігінің белсендісі Алтынбек Сәрсенбайұлына 1 млн теңге айыппұл төлету туралы шешім шығарды. Сонымен қатар аудандық сот оппозиция лидерін өткен қазан айында «Республика. Деловое обозрение» газетіне берген сұхбатында айтқан бірқатар пікірін жоққа шығаратын мақала жариялауға міндеттеді. Өз сұхбатында А.Сәрсенбайұлы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева өзінің отбасы мен өзі басқаратын «Асар» партиясының мүддесі үшін Қазақстанның барлық ақпарат құралына монополия орнатты» деп мәлімдеген болатын. Оппозиция лидері сот шешімін қайта қарату үшін шағымданатынын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG