Accessibility links

Қырғызстанның Ош қаласында тағы да қан төгілді


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Ош қаласында 200-дей адам жергілікті ірі кәсіпкер әрі қырғыз парламентінің депутаты Баяман Еркінбаевтың меншігіне қарайтын “Алай” қонақ үйіне баса-көктеп кіріп, қонақ үйдің күзеті ағаш сойылмен, темір кесінділерімен қаруланған топқа қарсы қалай болса солай оқ атып, тойтарыс бергені хабарланып отыр. Заң сақшыларының мәліметі бойынша, оққа ұшқандар да бар көрінеді. Бірақ, қанша адамның қаза болғаны белгісіз. Қалаға милицияның қосымша күштері тартылып жатыр.
XS
SM
MD
LG