БАҒДАД. Бүгін Ирақ судьясы бұрынғы диктатор Саддам Хусеиннен оның өз өміріне қарсы 1982 жылы ұйымдастырылған сәтсіз қастандықтан соң ауыл-аймақта тұратын шийттерді қырып-жоюына байланысты жауап алды. Дужаилдегі бұл қырғын – С.Хусеинге тағылған ауыр айыптардың ішіндегі ең жеңілі. Әйтсе де С.Хусеинге қарсы сот процесінің бастапқы сатысында сынақ ретінде оның нақ осы қылмысы алынып отыр. Онымен қарама-қатар Ирақтың Бакуба қаласындағы бүгін болған атыста 4 полиция қызметкері оққа ұшты. Осы күні Тикрит пен Самарра қалаларында лаңкестердің шабуылдарынан кем дегенде тағы 7 полицей құрбан болды. Бағдадтың бір ауданында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 2 тұрғын мерт болды.