Accessibility links

Европа одағының қазіргі президенті Люксембургтың премьер-министрі Жан Клод Юнкер Одақтың ұзақ мерзімдік бюжетіне қатысты мәмлелесуге қол жетеді деп сенеді


Бүгін кейінірек ол Европа одағының 2007-20013 жылдарға арналған бюджетіне байланысты бір ымыраға келу туралы ұсыныстарын Одақ жетекшілеріне таратуы керек еді. Осы аптадағы бюджетті талқылау барысында Британия мен Францияға берілетін жеңілдік төңірегінде пікір қайшылықтары туындап, бір мәмлеге келу мүмкін болмаған.

Парижде Европа комиссиясының президенті Жозе Мануел Бароззо Одақ Конституциясын ратификациялау процесінде үзіліс жасауға шақырды. Европа одағының өткелі отырған саммитінде жақында өткен референдумдарында француздар мен голландықтардың Одақ Конституциясын қабылдамағандығына байланысты туындаған мәселелер талқыланатын болады.
XS
SM
MD
LG