БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында сот төрешісі Салем Махмуд әл-Хаж Әли мен оның жүргізушісі оққа ұшты. Сонымен қатар, Ирақтың Рамади қаласында орын алған жарылыстан АҚШ-тың 5 әскері опат болды. Кеше Ирақта болған шабуылдардан 40-тан астам адам құрбан болды. Бағдадтың солтүстік батысында орналасқан Ирақтың Халес әскери базасының асханасында бомба жарылып, оның салдарынан кемінде 23 адам қаза тауып, 30- адам жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"1937 жылдағыдай"
Құқық қорғаушы бейүкіметтік ұйымдарға қысым күшейді
-
"Алексейге бостандық"
Владивостоктан Мәскеуге дейін. Ресейде Навальныйды босатуды талап еткен митингілер өтті
AzattyqTV