Accessibility links

Қырғызстан 29 өзбек босқынын қайтармайтын болды


Қырғызстан Әндіжандағы қақтығысты ұйымдастырды деп айыпталған 29 босқынды Өзбекстанға қайтармайтын болды, сөйтіп қырғыз жағы өзінің алғашқы шешімінен қайтты. Қырғызстан бас прокуратурасы Біріккен Ұлттар Ұйымы және қырғыз өкілдері тарапынан өзбек босқындарының аты-жөндерін анықтау аяқталғанша босқындар кері қайтарылмау керек, азапталу қаупі болса өзге елдердің азаматтарын қайтаруға болмайды деді. Мұның алдында Қырғызстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Таалай Қадыров Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі жоғары комиссарымен ақылдаспай, босқын мәртебесін беру немесе босқындарды кері қайтару жөнінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды деді.

Мамыр айында Әндіжандағы ереуілді өзбек үкіметі қарумен басқан соң шамамен 500 өзбек Қырғызстанға босып келген еді. Өзбек үкіметі Әндіжанда 176 адам өлтірілді дейді, ал адам құқығын қорғаушы ұйымдар кемінде 500 адам қаза болған дейді.
XS
SM
MD
LG