Accessibility links

Болғарияда оппозиция парламенттік билікке келді


Болғарияда өткен парламент сайлауында көпшілік дауысты жинаған оппозициядағы Социалистік партияның төрағасы Сергей Станичев жаңа үкіметті басқаруға дайынбыз деді. Бұрынғы патша Симеон Саксобургготский басқаратын билеуші партия оппозициялық партиядан шамамен он пайыз артта қалды. Бұл – алдын-ала нәтиже. Социалистік партияның төрағасы Сергей Станичев үкімет коалициясын құрамыз деді, бірақ кімдермен жұмыс істейтіні жөнінде әзір ашып айтпады. Бас министр Симеон Саксобургготский жеңілгендерін мойындамай отыр, келесі үкіметте партиямызға жетекшілік жолын ашатын келіссөз мүмкіншілігі бар дейді.
XS
SM
MD
LG