Accessibility links

Қазақстандық 4 әйел ұжымдық Нобель сыйлығының бейбітшілік жобасына үміткер


Маусымның 29-ы күні әлемнің 150 елінде «2005 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына 1000 әйел» ұжымдық номинациясы бойынша үміткер болған 1000 әйелдің есімі белгілі болды. Олардың арасында қоғамның әр саласында еңбек ететін қазақстандық 4 әйел бар. Олар “Бірлік” қоғамдық ұйымының жетекшісі Дәметкен Әленова, “Журналистер қатерде” қорының басқарма төрайымы Розлана Таукина, “Мөлдір” жалғызбасты аналар қауымдастығының жетекшісі Ләззәт Ишмұхамедова және “Статус” әйелдер ресурсы орталығының жетекшісі Ирина Унжакова.

Швейцариялықтардың бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл жобаның негізгі мақсаты - қоғамдағы әйелдердің рөлін көтеру және әлемдегі саяси жағдайларға деген әйелдердің көзқарасын білдіру, дейді Орталық Азия тәуелсіз БАҚ қауымдастығының президенті Розлана Таукина. Оның айтуынша, Аталмыш жобаға қатысуға Қазақстаннан 20-ға жуық үміткер өтініш білдірген. Ол алайда, жобаның талаптарына сай келген осы төртеуміз болдық. Жоба талаптарында көрсетілгендей, қатысушы ешқандай партияның мүшесі болмауы керек дейді.

Жазушы Мағира Қожахметова: «Біздің республика әйелдерінің осы Нобель сыйлығының ұжымдық үміткерлер қатарына кіруі үлкен жаңалық. Кез-келген қоғамның айнасы - ана мен бала. Әйелдің қоғамдағы рөлі деген мәселе - уақыт өткен сайын тереңдеп мәні зорая түсуде. Өйткені, жаһандасу заманына сай қазіргі әйелдер бұдан 10 жыл бұрынғы әйелдер дегейінде емес. Қазақстан әлемдік деңгейде қандай да бір салада көрініп жатса, онда әйелдердің еңбегі бар”, дейді. Алайда, Мағира Қожахметова қызмет істеп, ұрпақ тәрбиесіне жауапты болып жүрген әйелдер қамқорлыққа зәру. Әйел құқығы заңмен қорғалу керек. Ана мен баланы қорғауда бізде керемет заң жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын. Әйелдердің жоғарыдағыдай әлемдік деңгейге көтерілуі олардың өздерінің таза еңбектерінің жанкештілігінің арқасында, дейді.

Ал ақын Темірше Сарыбайұлы: “Қазіргі қоғамда әйелдердің орынының төмендеп кеткені рас. Қоғамда әйелдер өз орнын алып болған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызметте жүрген әйелдердің біразы қоғамдық қызметтен шеттей түсті. Бұрын әйелдер партия ұйымында облыстық, аудандық деңгейде хатшылық қызмет атқарған болса, қазір әйелдер басшылық орындарда сирексіп кетті. Бұл жақсылықтың нышаны емес” дейді.
XS
SM
MD
LG