“Кімге күлеміз” атты сатиралық сурет альбомының тұсаукесеріне келгендердің бірі, танымал актер Асаналі Әшімов өз сөзінде Еркін Нұразханның салған суреттерінің ешкімге ұқсамайтын табиғаты мен өзіндік ерекшелігінің бар екендігін әңгімелеп берді.
Ал, суретші Ерсайын Жапақтың айтуынша Еркін Нұразхан өзінің салатын обьектісін ең алдымен жақсы зерттеп алатын көрінеді. Әңгіме барысында суретші Ерсайын Жапақ Еркін Нұразханның ақын-жазушылардың мінезін дәл беру үшін, олардың жүріс-тұрысын зерттейтіндігінен де хабардар етті. Жазушы Нұрдаулет Ақыш өз сөзінде Еркін Нұразханның салған суреттерінен дәл бейнелеген адамның мінез-құлқын аңғарауға болатындығы туралы өз ойын білдірді.
Ал, сатира саласын зерттеуші Роза Алтынбекова карикатурист-суретші Еркін Нұразханның шығармашылығына тоқтала келіп, Еркін Нұразханның карикатура саласын дамытып жүрген санаулы суретшілердің бірі екендігіне тоқталды. Журналист Қали Сәрсенбай болса, алғашқы кездері Еркін Нұразханның шығармашылығын көпшіліктің аса қабылдамағандығын, кейіннен ғана оның мойындала бастағандығын айтып берді.
Біз, “Кімге күлеміз” атты сатиралық сурет альбомының тұсаукесері кезінде, автор Еркін Нұразханды да әңгімеге тартқанымызда, ол карикатуралық-сурет салуды 1990 жылдары «Түркістан» газетінде жұмыс істеп жүрген кезінде бастағандығын сөз қылды.