13 жасар Анатолий Божко Астананың уақытша оқшаулау орталығында отыр. Оның айтуынша, ол бұл орталыққа түспес бұрын мектепке бармай, желім иіскеп, арақ ішкен.
- Велосипед ұрлап сатуға мәжбүр болдым, - дейді ол.
Халықаралық құқық қорғаушылардың пайымдауынша, елде Божко сияқты жеткіншектерді сотпен қудалауды тоқтату керек. Бұл туралы жоғарғы сотта Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының және «Сорос Қазақстан» ұйымының өкілдері қатысқан жиында айтылды. Астананаың уақытша оқшаулау орталығының аға инспекторы Гүлнар Сәкенованың айтуынша, қылмыстық жолға түсетін балалардың көбісі тұрмысы төмер отбасынан шыққандар:
- Бұзылған балалар нашар отбастарынан шыққандар. Саны аз деп айта алмаймын. Бізге бір рет түскендер қайтіп келеді.
Жастар конгресі ұйымының атқарушы директоры Мадияр Қожахметтің айтуынша, Қазақстанның экономикалық ахуалы жеткіншектер арасындағы қылмыстың өсуіне қатты әсер етпейді:
- АҚШ-та мысалы бір жыл бұрын мектеп оқушылары бір бірін атқан. Сондықтан жақсы жаман өмір оған ықпал етпейді деп ойлаймын.
Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимовтың айтуынша, жеткіншектердің қылмыскерге айналуына әсер ететін бірнеше себеп бар:
- Қазақстан территориясында көптеген лагерлер болған. Солар осы жерде тұрған. Қазақстың жеріне сондай психология әкелген. Сосын кинолар әсер етеді. Мысалы, «Бригада» деген кино бар ғой, әне сондағыдай. Балалар ұрлайық, банда құрайық деп ойлайды. Сосын кейбір қылмыскерлер отырып шыққандар балаларды соттамайтындығын біліп, соларға айтады сендерге түк болмайды деп сөйтіп итереді.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, жеткіншектерді түрмеге сирек отырғызған жөн. Нью-Йорктық судья Майкл Корреро жеткіншектерді шартты түрде бас бостандығынан айыру немесе қоғамдық жұмысқа қатыстыру керек деп есептейді. Оның мәліметінше, сотталып жазасын өтеп шыққан адамдардың 80 пайызы қайтадан колонияға оралады. Ал, жаза жеңіл болған кезде, қылмыстық жолға қайта түскендер саны 14 пайыздан аспайды дейді судья. Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимов та шетелдік сарапшының бұл пікірін құптап отыр:
- Анасын өлтіретіндер де бар. Жалпы біздің түрмелерге кірген кісі жазылып шықпайды. Оны қайтадан түрмеге тартады.
Астананың білім департаменті директорының орынбасары Зәуреш Уәлиеваның айтуынша, ортаны ескеру керек. Ал, егер баланың ауыр қылмыс жасауға ниеті болса оны жазалау керек, дейді ол.
Қазір Қазақстанда жеткіншектер жасаған қылмыстар саны өсіп барады, дейді сарапшылар. Қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бас маманы Кентай Алдырбайдың айтуынша, қазір түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан жеткіншектер саны азайған. Бірақ, ол ізгілендіру үрдісіне байланысты, дейді ол:
- Балалар колониясында 557 бала отыр. Өткен жылы 713 болған. Себебі мерзімінен бұрын босағандар көп.
Ал, Астананың уақытша оқшаулау орталығының аға инспекторы Гүлнар Сәкенованың айтуынша, аталған орталыққа балалар көп түседі:
- Ұрлық сосын қайыр сұрау. Жыл сайын 1000-ға жақын бала түседі. Бізден кейін ата-анасынан айырылғандар балалар үйлеріне барады. Ал, қылмыс жасағандар колонияға кетеді.
Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанда міндетті түрде ювенальдық сот керек деген пікірін білдірген. Жеткіншектерді оқшаулайтын мекеме қызметкерлері де жастардың ісімен айналысу үшін арнайы жантанушы мамандар қажет деп есептейді.