Accessibility links

Бағдаттағы әскерге кадр қабылдайтын орталық алдында жанкешті біреу бүгін өзін-өзі жарды


Оның кесірінен кем дегенде 18 адам қаза болып, бірнеше ондағаны жараланған. Қаза болғандардың көпшілігі әскери қызметке кірісу үшін кезек күтіп жүрген жас азаматтар екен. Бүгін сондай-ақ Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласындағы муниципалдық кеңсе алдында көліктегі бомбалық жарылыс болды. Белгісіз біреудің қойып кеткен осы бомба тиелген көлігі жарылысынан кем дегенде 2 адам қаза болып, 8-і жараланған. Ал, Мосулге жақын маңда жанкешті біреу осы аймақтың полиция басшысының көлік керуенін барып соққан екен. Бүгін болған бұл оқиға да шығынсыз болмады. Оның кесірінен кем дегенде 4 полиция қызметкері қаза болып, 3-і жараланған. Негізгі нысанаға алынған осы полиция бөлімінің бригадирі аман қалған екен. Көтерілісшілерге қарсы арнайы әскери шараларды АҚШ және Ирақ күштері өткізуде.
XS
SM
MD
LG