АҚШ әуе базасынан қашып шыққан тұтқындарды іздестіру әуе мен жерде кең тұрғыда жүргізілуде. Ауғанстанда жоғалып кеткен төртінші АҚШ әскери-теңізшісінің денесі табылды. Өткен айда Ауғанстанда апатқа ұшыраған тікұшақ ішіндегі төрт адамның бірі тірі күйінде бұдан сегіз күн бұрын құтқарылған болатын. Келесі күні екеуінің денесі табылған еді. Ал төртіншісінің денесі кеше Кунар провинциясында табылған. АҚШ әскери мәлімдемесінде айтылғанындай бұл төртінші адам шайқаса жүріп қаза болғанға ұқсайды. Ал, Талибан өкілдері “ұстап алып, оның басын алдық”, деген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты