Accessibility links

Тал Афада бүгін АҚШ солдаттары 10 көтерілісшіні өлтірді, дейді әскери бұлақтар


Соңғы екі күн ішінде Ирақта 14 көтерілісші қаза болған екен. Ал, Хитте АҚШ теңіз-жаяу әскерінің екі солдаты қаза болыпты. Халес қаласына жақын маңдағы бақылау бекетінде болған атыстар барысында бүгін кем дегенде жеті Ирақ солдаты қаза болды. Қарулы топ оқ жаудырғаннан кейін атыстар жарты сағатқа созылған екен. Ирақтың қосымша күштері оқиға болған жерге жеткенде, жүк машинасына қойылған бомба жарылып, одан бірнеше солдат жараланған. Бағдаттың солтүстік-шығысында орналасқан Халес қаласы белсенді көтерілістер орталығы боп табылады.
XS
SM
MD
LG