ВАШИНГТОН. АҚШ Сенаты Лондондағы шабуылдардан құрбан болғандардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік жариялады. Дүйсенбі күні Британия премьер-министрі Тони Блэр парламент жолдауында бейсенбі күнгі жарылыстарды Исламшыл эктремистер ұйымдастырған болуы мүмкін деген-ді. Лондонда бейсенбі күні болған жарылыстар кесірінен жалпы 52 адам қаза тапты деп ресми түрде расталды. Дүйсенбі күні Лондонның миллиондаған көлігі бұрынғы әдетімен қала орталығына қарай бет алды. Полицияның айтуынша, Лондон өзінің бизнеске ашық екенін және ешкімнен қорықпайтынын көрсетуі тиіс. Автобустар мен пойыз жүйелері әдеттегі қалпымен жұмыс істеуде. Дегенмен, қаланың жарылыстар болған аудандары қоршалып, онда полиция өз жұмысын белсенді түрде жүргізуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты