“Америка Ганжимен бірге” делінген арнайы мәлімдемеде. Сондай-ақ, БҰҰ мен барлық Адам хұқын қорғау ұйымдарының бұл мәселені кең тұрғыда көтерулеріне шақыруда. Ал, Техран полициясы мен студенттер арасында шайқастар жүруде. Студенттер Иран диссиденті, журналист Акбар Ганжидің және басқа да саяси тұтқындардың босатылуын талап етуде. Полиция болса, шерулерді басып тастауға ұмтылуда. Ганжидің зайыбы Массумех Шафии Азаттық радиосына берген сұхбатында бір айлық аштық жариялаудан кейін күйеуінің жағдайының күрт нашарлап кеткендігін айтты. 20 килоға арықтап, әлсіресе де Ганжи мырзаның рухы мықты, деді оның әйелі. Иран билігін ашық түрде сынағаны үшін ол 2000-шы жылы алты жылға түрмеге жабылған болатын.