Accessibility links

Вашингтон Токионың БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуын қолдайды


ТОКИО. Бүгін Токиода Жапонияның сыртқы істер министрі Нобутака Мачимурамен жүздескенінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Күншығыс елінің мүше болып қабылдануын ресми Вашингтонның қолдайтынын мәлімдеді. Кеше Бразилия Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатарын Үндістан, Бразилия, Жапония және Германиямен 10-ға дейін кеңейту және жалпы мүшелердің қатарын 15-ке дейін өсіру туралы Қарардың жобасын енгізді. Сонымен қатар К.Райс Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздің жаңа сатысын бастаудың қажеттігін тағы да атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG