МӘСКЕУ. Тергеушілердің пікірінше, Ресейдің Коми республикасының Ухта қаласындағы сауда орталығынан шыққан өрттің ең басты себептерінің бірі - қасақана өртеу. Жергілікті прокуратура дүйсенбілік өртке 2 бозбаланың қатысы бар деген күдіктің туғанын растады. Соңғы мәлімет бойынша, сауда орталығыннан шыққан өрттің салдарынан 25 адам мерт болды. Бірақ олардың саны өсе түсуі мүмкін. Өйткені, төтенше жағдайлар жөніндегі Ресей министрлігі өкілдерінің пікірінше, өртеніп құлаған орталықтың астында қаза болғандардың мәйіттері қалуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?