“Central Asia Monitor” басылымында жарық көрген Ахас Тәжутовтың мақаласында соңғы жылдардың ішінде Алматы қаласында пәтер бағаларының тым аспандап кеткендігі айтылып, оның себебіне байланысты талдау жасалыныпты. Автор өз мақаласында пәтер бағаларының тым қымбаттауын, 1998 жылы Қазақстан нарығына ипотекалық несие беру жүйесінің енгізілгендігімен байланыстырыпты. Мақала авторының айтуынша 2001 жылы өсе бастаған пәтердің бағалары әлі күнге шейін түспей, керісінше күн өткен сайын шарықтап бара жатыр. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы осыдан үш жыл бүрын алты мың доллар тұрған бір бөлмелі пәтердің бағасының қазіргі уақытта 30 мың доллардан асып кеткендігін мысалға келтіріпті. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, дәл қазіргі уақытта Алматы қаласы тұрғын-үй бағасының өсуі жағынан әлемдегі елдердің ең алдыңғы қатарында келеді. Осыған орай мақала авторы Алматы қаласындағы пәтер бағаларының тым қатты шарықтап кетуінің ақылға симайтындығы және күндердің-күнінде жасанды түрде көтерілген пәтер бағаларының құнының түсетіндігі туралы өз ойын білдіріпті.
“Ана тілі” апталығында Сандуғаш Серікқалидың “Несие алу - басты қатерге тігу” атты мақаласы жарық көріпті. Мақалада өткен жұмада Премьер-министр Даниял Ахметовтың екінші деңгейлі банктер және “Қазақстан ипотекалық компаниясы” Акционерлік Қоғамының басшыларымен кеңес өткізгендігі хабарланыпты. Осы кеңесте Үкімет басшысы банк несиелерінің аса қымбат екендігіне тоқталыпты. Мақала авторының айтуынша, соңғы жылдары құрылыс компаниялары “Элиталық тұрғын үйдің қымбат екендігін сөз қылғандықтан, көпшіліктің санасында тұрғын-үй бағдарламасының бос әурешілік екендігі туралы пікір қалыптаса бастаған.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Караван” апталығында Ақтөбеде тұрғын-үй бағдарламасы бойынша үй сатып алғысы келетін 5768 отбасының тек 532-сінің ғана оның құнын төлей алуға мүмкіншілігі бар екендігі хабарланыпты. Ал, Атырауда салынып жатқан “Алмагүл” мөлтек ауданынан үй сатып алуға арыз берген 800 отбасының басым көпшілігінің оның құнын төлей алатын мүмкіншілігі жоқ. Шығыс Қазақстанда үйдің кезегінде тұрған 13 мың отбасының тек 402-сі ғана ипотекалық несие жолымен үй сатып алған. Осыған орай мақала авторы дәл қазіргі таңда ипотекалық жолмен үй сатып алуды көптеген қазақстандықтардың қалтасының көтермейтіндігіне тоқталыпты.
“Қазақстан Халық Банкі” Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы Григорий Марченко “Литер” басылымының “Не себептен мемлекеттік ипотекалық несие жүйесі баяу жылжуда” деген сауалына, оның себебін Қазақстанның көптеген тұрғындарының тіпті әр шаршы метрі 350 доллар тұратын пәтерді сатып алуға да мүмкіншіліктерінің жоқ екендігімен түсіндіріпті. Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов болса “Литер” газетінің қойған бұл сауалына әр шаршы метрі 350 доллар тұратын пәтер сатып алу үшін де, ай сайын 70 мың теңге ақша төлеу қажеттілігін сөз қылып, ондай қаржыны төлеуге халықтың басым көпшілінің мүмкіндігінің жоқ екендігін тілге тиек етіпті.
“Айқын” басылымында Шымкентте “Нұрсат” атты шағынаудан салу үшін республикалық бюджеттен 15 миллиард теңге, ал облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінгенімен, құрылыс салынатын жердің даулы болып шыққандығының тарихы баяндалыпты. Мақаладағы келтірілген деректерге жүгінсек, қаладағы “Нұрсаттың” кейбір учаскелері жеке меншік иеліктерінде болғандықтан, жергілікті билік олармен соттасып, жерді тартып алғылары келгенімен, еш нәтиже шықпай жатқан көрінеді. Автор өз мақаласында журналистік зерттеу жүргізгендігіне тоқтала келіп, кейбір учаскелер ғана емес, бүкіл “Нұрсат” тұрған 283 гектар жердің заңды иелері болып шыққандығын анықтағандығын хабарлапты.