НАСА атты АҚШ ғарыш агенттігі Дисковери ғарыш кемесін ұшыруды жексенбіге қалдырып отыр. Инженерлер жанармай өтетін тетіктер ақауын жөндеу үстінде екен. Сәрсенбі күніне белгіленген ұшу сапары осылайша кері ысырылуда. Дей тұрғанмен, агенттік өздері үшін ең соңғы меже ретінде шілденің 31-ін белгілеп отыр. Себебі, халықаралық Ғарыш бекетіне бұл кеме соған дейін жетуі тиіс екен.