КИЕВ. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко Донецк қаласына келді. Президенттің келуіне мыңдаған адам наразылық шарасын ұйымдастырды. Бұл аймақтағы адамдардың көбі өткен жылы президент сайлауында Ющенконың бәсекелесін қолдаған болатын. Қарсылық көрсеткен 3 мыңға жуық адамның қолдарында Ющенкоға қарсы ұрандар болды. Кейінірек аймақтың ресми өкілдеріне Юшенко былай деді:
- Мен Донецскіге үшінші, төртінші, бесінші немесе оныншы рет келетін боламын. Мен ешкіммен ойындар ойнамаймын. Мен мұны кешіремін, дегенмен адамдарды заңға бағындырамын, - деді Ющенко.
- Мен Донецскіге үшінші, төртінші, бесінші немесе оныншы рет келетін боламын. Мен ешкіммен ойындар ойнамаймын. Мен мұны кешіремін, дегенмен адамдарды заңға бағындырамын, - деді Ющенко.