ТБИЛИСИ. Грузия парламентінің депутаты Валерий Гелашвили оған жасалған шабуылға қауіпсіздік күштерінің қатысы бар деп айыптады. Кеше Грузия астанасы Тбилисидің орталығында маска киген 8 адам аталған депутатты ұрып кеткен екен. Бүгін Гелашвили емделу үшін ұшақпен Вильнюске жеткізілген. Гелашвили оған шабуыл жасағандардың бірі Грузияның қауіпсіздік қызметінде істейтін адам дейді. Парламент төрайымы Нино Буржанадзе депутатқа жасалған шабуылдың тергелуін талап етті.