ТЕҺРАН. Бүгін ISNA агенттігіне берген сұхбатында Иранның Ұлттық қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы Кеңесінің өкілі Әли Ағамухаммади: “...уранды байыту өндірісін ұстауға Теһранның заңды құқы бар” деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, ешқандай ынталандыру шарасы Иранды осы құқынан бас тартуға көндіре алмайды. Ресми Вашингтон Ираннан уранды ядролық қару жасау мақсатында байытып жатыр деп күдіктенеді. Теһран ондай күдікті негізсіз деп есептейді. Англия, Франция және Германия дипломаттары Иранға уранды байыту бағдарламасының орнына тиімді экономикалық ұсыныстар жасады. Бұл ұсыныстар шілденің соңына немесе тамыздың басында дайын болуға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты