Accessibility links

Бүгін Ирақта 3 ағылшын жауынгері мен кем дегенде 7 Ирақ полицейі құрбан болды


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында жанпидашыл-лаңкес өзін-өзі жарып, одан кем дегенде 4 полицей құрбан болып, 18-і жараланды. Бағдадта бомба қойылған авокөлік полиция патрулі өтіп бара жатқан сәтте жарылып, тағы 3 полицей қаза тауып, басқа бесеуі жарақат алды. Оған қоса бүгін Ирақтың оңтүстігінде 3 ағылшын жауынгері қаза тапты. Британдық қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, олар Басра қаласының іргесіндегі Әл-Амара ауылы маңындағы жол бойына көмілген минаға жарылған. Ирақта Англияның 8.5 мыңдық қолы шоғырланған. Бағдадта жұма күні болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 30 адам, негізінен Ирақ жауынгерлері мен полицейлері құрбан болды.
XS
SM
MD
LG