КИЕВ. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко МАИ немесе автокөлік полициясын таратуға нұсқау берді. Ол жайында В.Ющенко полиция басшыларымен өткізген кездесуінде 23 мың қызметкерден тұратын мемлекеттік автокөлік инспекциясын тарататын жарлыққа сейсенбі күні қол қоятынын хабарлады. Президенттің мәлімдеуінше, МАИ – көлік жүргізушілерге көмек берудің орнына, инспекторлар “жол бойында тек тонаумен айналысады”. МАИ-дің орнына Украинада мемлекеттік патруль қызметін құру көзделіп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?