Accessibility links

Ағылшын лидері Т.Блэр осы елдегі мұсылман қауымдастығының жетекшілерімен кездесті


ЛОНДОН. Шілденің 7-күні Лондонда болған лаңкестік шабуылдардан кейін экстремизмге тойтарыс беру мәселелерін талдау мақсатында бүгін британ премьері Т.Блэр Англиядағы мұсылман қауымдастығының 25 жетекшісімен, оның ішінде британ парламентінің 4 депутатымен жүздесті. Күн тәртібіне қойылған ең басты мәселе – Англияның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаңа заңының жобасы болды.
XS
SM
MD
LG