Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07.22.2005 жыл


Шілденің 22-і күні шыққан Қазақстан баспасөзінде Африкада апатқа ұшыраған АН-24 ұшағының экипажы қазақстандық ұшқыштардан болғанына назар аударыпты. Сонымен қатар, осы аптада баспасөз маслихатын өткізген бұрынғы Ұлттық банк жетекшісі, қазіргі кезде Халық банктің басқарма төрағасы болып отырған Григорий Марченконың есімі жұмадағы басылым беттерінен жиі көрінеді.

Кеше Қостанай әуежайынан жергілікті ақпарат құралдарына Экваторлы Гвинеяда ұшақ апатынан қайтыс болғандар арасында қостанайлық ұшқыштар Вельгелм Иванович Кук, Валерий Геннадиевич Довгаль және механик Николай Петрович Хоревтің болғандығы туралы мәлімет келіп түскен деп жазады «Айқын» республикалық басылымы. Сонымен қатар, мақалада, ұшқыштарды жалға жұмысқа алған «Экватор–Эйр» жеке меншік фирмасы екендігі және олардың Африкада жеке келісім-шарт арқылы жұмыс жасағаны туралы жазылған.

Ал, республикалық «Литер» газеті, осы оқиғаны бүге-шігесіне дейін талқылап жазыпты. «Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақтың бортында 61 адам болып, барлығы қаза тапқан» деп жазады автор. Экипаж Малабо қаласының аэродромынан ұша бере қиындықтарға кез болған. Ал сол елдегі транспорт министрі Деметрио Нсефумудың айтуына қарағанда, ауа-райы қолайсыз болған, оның үстіне елуден астам жолаушы мініп алғаны ұшақ үшін қауіпті болды деген пікірін беріпті. Сонымен қатар, автор осы қостанайлық ұшқыштардың достары мен қызметтестерімен кездескен. Мақалада, олардың барлығы да бір ауыздан ұшқыштардың кәсіби біліктілігі жоғары болғандығын айтады. Алайда, мақаланың авторы, ұшқыштар өлімінің себебін аныңтау мүмкіндігі жоқтың қасы деген күмәнін жасырмайды. Қазіргі уақытта, Малабо қаласындағы бұл қомпания қаза болғандардың күлін еліне жеткізуді және өтемақы төлеуді қарастырып жатқандығы туралы жазылған.

«Джунгли зандары бойынша» деп аталатын мақала «Экспресс К» газетіне шығыпты. Шілденің 16-сында Экваторлық Гвинеяда апат болған АН -24 ұшпағының экипажы Қазақстан азаматтары екенін жазған «Экспресс К» газетінің тілшісі қаза болған ұшқыш Вильгелм Куктың отбасымен кездесіп қайтқан. Оның қызымен сөйлескен тілші «Қара континентте тағы да қанша біздің ұшқыштар бар екен, олардың тұрмыстық, қызметтік жағдайлары тиісті деңгейде ме» деген сауалдарға жауап іздеуге тырысқанын атап көрсетіпті. Тілші «ұшқыштарды ешкім зорлықпен жұмысқа апармайды, олар өз еріктері бойынша, жеке тұлға ретінде шетелге кетіп жатыр» деген нақты әрі қысқа жауап алғандығын жазғанымен, ол сауалды кімге қойғандығын көрсетпеген.

«Қоғамда соңғы кезде үлкен резонанс тудырған «Наурыз банк» төңірегіндегі дау-дамай жайында айта отырып, Марченко мырза оны бірден осы жылы өткелі жатқан Президент сайлауымен байланыстырды» деп басталады жұма күні «Панорама» газетінде басылған мақала. «Егер сайлау болмаған жағдайда, мұндай мәселеге ешкім назар аудармас еді. Желтоқсанға шейін мұндай дау-дамайлар әлі де жалғасатынына сенімді Марченко мырзаның оған таңданатындай ештеңе жоқ» деп айтқаны жазылыпты. Сондай-ақ тілші «Наурыз банк» төңірегіндегі даулы жағдайды, Марченконың көзімен жан-жақты сипаттап берген. Сайып келгенде, Григорий Марченко «Наурыз банктың» бұрынғы басшысы Оразалы Ержановтың «Время» газетінде берген сұхбатындағы айыптауларды жоққа шығарғанын жазған.

Қазақстан экономикасы әкесіндей болған ірі қаржыгер – елдің жеті жылда бір болатын саяси маңызды күні, яғни президент сайлауы қашан болатынын болжау жасады деген сөйлем «Эпоха» газетінің бетінде жүр. Григорий Марченко мен оппозицияның пікірі бір жерден шыққандығын атап өтіп, оның дауыс беру осы жылдың желтоқсан айында өтеуі мүмкін деп баспасөз маслихатында айтқан сөзін қысқа қайрыпты.
XS
SM
MD
LG