КИШИНЭУ. Кеше Молдова парламенті Днестр жағалауына кең автономия берілуін қолдап дауыс берді. Мақұлданған жоспарға сәйкес, аталған аймаққа өзіндік парламентін сайлау мен өз алдына рәміздерін ұстау құқы беріледі, ресми үш тіл – молдован, орыс және украин тілдері қатар жүретін болады. Сонымен қатар Молдова парламенті 1.5 мыңдық Ресей әскері шоғырланған Днестр жағалауын әскери күштерден босатуға шақырды. Молдова президенті В.Воронин Днестр жағалауы республикасының басшылығымен Кишинэу қабылдаған осы жоспар негізінде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.