Accessibility links

Сүнниттер Ирақ Конституциясын дайындайтын комитетке қайта оралуға ниетті


БАҒДАД. Өткен жексенбіде Ирақта түрлі жарылыс пен шабуылдан кем дегенде 24 адам құрбан болып, 25-тен аса адам жараланды. Олардың ішіндегі ең зоры - Бағдадта полиция кеңсесінің жанындағы бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан 22 кісі мерт болып, 25-і жараланды. Онымен қарама-қатар сүннит мұсылмандарының көсемдері Ирақтың жаңа Конституциясын дайындап жатқан комитет жұмысына қайта оралуға дайын екендерін хабарлады. Олар әлгі комитеттің 2 сүннит мүшесінің қаза болуына наразылық ретінде оның құрамынан өткен аптада шыққан болатын. Ирақ президенті Жалал Талабанидің кеңсесінен хабарланғандай, парламент елдегі қауіпсіздікті нығайтудың жаңа жалпыұлттық жоспарын қабылдады.
XS
SM
MD
LG