БАҒДАД. Ирақтың Ата заң жобасын әзірлеп жатқан комиссияның сунни Араб мүшелері бір аптаға созылған бойкотын тоқтатты. Комиссияның хатшысы Хумам Хамудинің айтуынша, бойкот жариялаған сунни Араб мүшелері бүгін конституцияға байланысты жиналысқа қатысқан. Олардың бұл жиналысқа қатысуы қазан айында өтетін референдумда суннилердің жаңа Ата заңды мақұлдауы үшін маңызды болып саналады.
Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Бағдадта жанкештілер жарған бомбалардан кемінде 7 адам қаза тауып, 14 кісі жараланған.
Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Бағдадта жанкештілер жарған бомбалардан кемінде 7 адам қаза тауып, 14 кісі жараланған.