Accessibility links

Мысыр полициясы жарылыстардың қарсаңында ғана Шарм Аш-Шайхқа келген 6 Пәкістан азаматын іздестіру үстінде


ҚАЙЫР. Кеше Мысырдың қауіпсіздік күштері Синай тауына жасырынған 2 пәкістандықпен атысты. Екеуіне Шарм Аш-Шайх курортындағы сенбілік шабуылдарға қатысы бар деген күдік түсіп отыр. Оның алдында полиция курортты қаланың маңайындағы екі ауылды қоршап алды. Қаза болғандар жайында мәлімет жоқ. Мысырдың қауіпсіздік күштері жарылыстардың қарсаңында ғана Шарм Аш-Шайхқа келген 6 Пәкістан азаматын іздестіру үстінде. Кеше Англия сенбілік жарылыстарда 1 британ азаматының қаза болғанын растады, 8-і жараланған, тағы 10 британдық азаматтан хабар жоқ. Шарм Аш-Шайхта 88 адам, негізінен Мысыр азаматтары құрбан болды. Бұл қастандықтарды бірден 3 исламдық топ өз жауапкершілігіне алып отыр.
XS
SM
MD
LG