Астана қалалық салауатты өмір салты орталығының директоры Еркін Томпиевтің айтуынша, биылғы “Бүкіләлемдік үйлесімділік жорығы» наурыздың 2-сінде Португалияның Лиссабон қаласынан басталған. Жыл аяғына дейін ұзындығы 40 мың шақырымға жететін эстафетаға миллионға жуық адам қатысады деген болжам жасалып отыр. Қазақстандық марафоншылар эстафетаны қырғызстандық спортшылардан шілденің 22-сінде қабылдап алды. Олар шілденің 23-інде Алматыда болса, үш күнде Қарағандыға келіп, осы айдың 30-ында Астанаға жетпек. Республикалық марафондық жарыстарға бірнеше рет қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген астаналық жетпіс жастағы желаяқ Қайрбек Мұқышев «Бүкіләлемдік үйлесімділік жорығының» Қазақстан аумағындағы бөлігін ұйымдастырушылардан осындағы эстафетаға және Омбы қаласында тамыздың 6-сында өткізілетін халықаралық марафондық жарысқа қатысуына жағдай жасауын сұрады.
Астаналық 15-жастағы марафоншы Дәурен Оспанов та Астана мен Қарағанды аралығындағы эстафетаға қатыса алады екен. Ал, бірақ ол кәмелет жасына жетпегендіктен Омбыдағы халықаралық жарысқа қатыса алмауы мүмкін болып отыр. Халықаралық марафондық жарыстарға бірнеше рет қатысқан осы «Бүкіләлемдік үйлесімділік жорығын» Қазақстан бойынша ұйымдастырушы Балтабек Нұрахметов екі мемлекет арасындағы келісім негізінде спортшыларды шекарадан өткізуге болады деген пікірде.
Астана қалалық салауатты өмір салты орталығының директоры Еркін Томпиевтің айтуынша, бір жыл бұрын елордада өткізілген денсаулық сағатында бір мезгілде 37 мың адам қатысқан спорттық шара өткен. Сондықтан, жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы бұқаралық спорт түрлерін дамытудың мәні зор дейді ол. Қазақстандық желаяқтар «Бүкіләлемдік үйлесімділік жорығының» эстафеталық алауын Қазақстанның жеті ірі қаласы арқылы үш мың шақырымды жүгіріп өтіп, тамыздың 4-інде Омбы қаласында Ресейге табыс етуі тиіс. Ал, тамыздың 6-сында осы дәстүрдің жалғасы ретінде Омбыда халықаралық марафондық жарыстың алауы көтеріледі.